Posted in

ЖІБІ БОС (БОСТАУ)

Ынжық, болбыр, іске жоқ, жуас адам туралы. ~ Елтай жібі бос жігіт емес еді. Кейде дүмдімін деп те ойлайтын. Балалар үйінен қанға сіңген қатаң тәртіп, ешкімге көз сатпай, өз күшіне сүйенген дағды бұған дейін де талай қысталаңнан еткізіп жіберген. М.Қаб. ~ Әй, өзі де тым жібі бос ынжық еді ғой, мұрыны ерніне, еріні иегіне сәлем беріп тұрған! – деп Бахтияр, соны қойшы дегендей қолын сілтеді. Т.Сәу. ~ Жамалдың мінезі жуас, жібі бос, көп нәрсемен шаруасы жоқ Максим Андреевичке тұрмысқа шығуында есеп те жатуы әбден мүмкін. Т.Әбдір. ~ Әй қайдам, сіздің осы жігітіңіздің жібі бостау секілді. Қ.Ысқ.