Рухы басылды, сағы сынды. ~ Осындай құбылыстардың салдарынан көпшілік қазақ жастарының рухы сынды, жігері жасыды. Ө.Айт.~ Қайсыбіреулері бұны көрсе де көрмеген болып, қасынан өте шығады. Тіпті, ұшыраспас үшін көшенің келесі бетіне тайқып кететіндерді талай байқады. Ондайда жігері жасып, орта жолдан үйіне қайтып келуші еді де, екі көзге ерік беретін. Ш.Бей. ~ Оның осы қалыбына қарап соншама жылды сергелдеңмен елден- жерден тысқары қиянда, итжеккенде өткізді деуге келмегендей. Ешқандай мүжіліп, жігері жасығанның ізі көрінбейді. Ш.Бей.
