Posted in

ЖІГЕРІ ҚҰМ БОЛДЫ

Сенімінен, жігер-қайратынан айрылды; шаршап-шалдықты; шарасыз күйге түсті; көңілі қалды. ~ Неғыларын білмей дағдарып, жігері құм болып, Қайырбекке айтуға тағы қолайсыз көріп, ауыр ойда күйіп отырғанда, шалқаңдай басып, бір езуіне шылымын қыстырып Керімбай келді. Ж.Айм. * Осындай ауыр ойлар жанын жеп, жігері құм боп, ішкені ас болмай, бітеу жара асқынып жүргенде, бір күні қораның ішінде қасына қатыны келіп: — Қызың толғатып жатыр!— деді. ~ Өзінің бұл сапарға жалғыз шыққанын ойлағанда, жігері құм болып, ет жүрегі езіліп кетті. Тағдыр бұл жолы да оның алдын кес-кестеп, аяқтан шалды. Қ.Жұм. * Күмбір-күмбір күйін шертсе күрең күн, Қызарақтап қылғынамын жігер құм. Д.Кәп.