Бөліп-жарды, біреулердің арасына от тастап, араздастырды, бірлігін бұзды. ~ Сөзінің арасына жік салмастан, бірді айтып келе жатып, бірге кетіп будыратқанда, қалың тобылғыдан андағайлай қашқан қоян көрген тазыдай, Бекболат қай сөзін ұстарын білмей даң болды. Даң болса да, оның айтқан бір хабары құлағына майдай жағып кетті; ол хабар – «Қарашаттағы» ақтардың қолға түсуі еді. Ж.Айм. ~ Осы сәтте Пір Бекет-Атаның ұрпағы, жорықтың ту ұстаушысы Асар Сұпы сөзге араласты. Екі құрдастың арасында алғашқы әзіл шынға айналып, жорыққа аттанғалы тұрған алпыс жігіттің арасына жік салатындай болып сезілгендей ме?! А.Өт.
