Posted in

ЖІПСІЗ МАТАДЫ (БАЙЛАДЫ, АРҚАНДАДЫ )

Еріксіз ұстап қалды, бөгеді. ~ Жүзін анық көрсетпесе де, сонадайдан қылымси қарап, әлдебір сиқырымен жадылап алған хас сұлу еркінен айырып, жіпсіз матап, әлдеқайда жетектей жөнеледі. С.Нұғ. ~ Адамзат жүрегіне баратын төте жолды әйел жүрегінен бастаған Сүлеймен пайғамбардың өзі сұлу-сұлудың қанша бір түрімен пейілдес бола тұра, адамды әлгіндей қаяусыз сезімімен жіпсіз матап алатын ибалы аруларды періште тұтқан көрінеді. Ә.Кек. ~ Тілшіні екі күн бойы әдейі жіпсіз байлаған пысық ферма меңгерушісі жымиып жүріп не істеп, не қойғанын кім білсін, сол екі арада алты қара тонды Аққойынға жөнелтіп үлгерген. М.Қаб. ~ Саяда бүлбүл қүстар тұрды сайрап, Қойғандай көлеңкеге жіпсіз байлап. Ішінде жұмсақ вагон өлеңдетіп, Келемін алдымдағы өмірді ойлап. М.Хак. ~ Жарболға батқаны – автобусқа мінген сайын асау сезімнің көзсіз көбелектей мас болуы, табиғатына тартып туған Алматы аруларының жіпсіз арқандағандай, сиқырлы күшімен естен тандыруы. Ж.Шәк.