Posted in

ЖІП (ИНЕ) САБАҚТАП КӨРМЕГЕН

Шаруаға қыры жоқ, өмірінде ештеңе істеп көрмеген ақсаусақ не көргенсіз әйел туралы айтылады. ~ Олар мен ұйымдастыратын шеберлік сағаттары арқылы жоғалтып алған нәзіктіктерін іздейді, өмірі ине сабақтап көрмеген ғой. БАҚ. ~ Өмірі жіп сабақтап көрмеген қос қызы бақуатты қосақтарын тапса да әкесінің дәулетінен қол үзген жоқ, керісінше аямай шашты. Ж.Аяз.