Posted in

ЖҮГЕН, ҚҰРЫҚ (НОҚТА) ТИМЕГЕН

Еркін, арда өскен. ~ Асау өсіп арқада Жүген, құрық тимеген, Матау көрмей ер жетіп, Жасынан ноқта кимеген. Бостандық, кеңдік, еркіндік – Басқаны жаны сүймеген. Бұғалық салса ұстауға Ақырып тулап сүйреген. С.Сей. ~ Қас қарая Малдыбай атына мініп жүген-құрық тимеген асау жылқыны үйіріп, жотадан асыра айдап барады. Ә.Шәр. ~ Жүген- ноқта тимеген небір асауларды құрықсыз құлағын тұқыртып, шалмаға түскен тағыны тақыммен – ақ сүйреп кете беретін. Қ.Ысқ.