Posted in

ЖҮГІРГЕН АҢ, ҰШҚАН ҚҰС

Иен даланы мекен еткен аң мен құс атаулы. ~ Арқасына аяздай жиі батқан Тауқыметтен талайдың миы қатқан. Жүгірген аң, ұшқан құс құтылған ба, Сұр мергеннің оғынан қиып атқан. Н.Айт. ~ Жүгірген аң, ұшқан құстары жыртылып айырылатын осы бір жерұйықты жергілікті байлар кәмпескеленіп жер аударылған соң, биыл Жұман болыс жақын туыстарымен бірге өз құдасы, жаңа тағайындалған ауыл кеңес төрағасы Баймолдаға сүйеніп қоныстанып отырғанын Әли бұрын да естіген. Б.Тоғ. ~ Әлібай атына мініп жатып, әлденеге елеңдеп тұрған көп жылдардан бергі сыралғы серігіндей болған Керқұласына тіл қатқан. «Жан баласы жүре қоймайтын, жүгірген аң, ұшқан құстан өзгені көп көре бермейтін бұл жерден нені көріп, оқыранып тұрсың, Керқұлам?» деген. К.Сег.