Posted in

ЖҮДЕУ КӨҢІЛ

Жабыңқы, қайғылы, әлденеге қамыққан, қаяулы көңіл. ~ Балаларының қылқиған мойынын, әйелінің жұлығы сөгілген қырық жылғы ақжемтір етігін көріп, жүдеу көңілі одан ары
жабырқай түсті. Т.Сәу. ~ Осы күнгі тірлігінің бәрі түс сияқтанып жүдеу көңілі қайта жабырқап, балық сойып жатқан
қатындардың арасында қолынан пышағы түсіп отырып қалатын. Ә.Нұрп.