Жабырқау, көңілсіз дауыс. ~ Содан бері далада жүр… Әр сағатта үйіне кіріп, сырқат әйелінен: «Телефон соққан жоқ па?» – деп сұрайды да, «Жоқ»,– деген жүдеу үнді естіп, көшеге қайта шығады. І.Ес. ~ Машинам бар, үйіңе қайтсаң, апарып салайын,– деді ол. − Жақсы,– деді Ханшайым жүдеу үнмен. – Бірақ машинаңды қоя бер. Жаяу апарып сал, Хаке. І.Ес. ~ Енді амал жоқ, Жаннатын тіпті сыртынан да көре алмай, жүрегіндегі оған деген оты бұрынғысынан да өрши түсіп, қайғылы мейманханаға қайтқан. — Білсең… кел. Мен күтемін, — деді Жаннат сол баяғы жүдеу үніменен. І.Ес.
