Жымия қалды. ~ Үстіндегі ауыл әйелдерінен өзгеше киімі де сондай жарасады. Бірақ, жүзіне күлкі үйіріліп тұрса да,
апасының басқа кластастары сияқты өзіне мейірлене төніп, бетінен сүймегеніне, тіпті бұл жаққа мойнын да бұрмағанына кішкентай қыз біртүрлі болып қалды. К.Әлп. ~ Бақылау жұмысынан бергі зілдей басқан ауырлықтан жеңілденгендей Абзал ажарланып, жүзіне күлкі үйірілді. К.Қаз. ~ Тез қозғалып, шалт қимылдайды. Ұшып, төмен түсті де, нанның қиқымын, күнбағардың дәнін теріп кетті. Қунақ әрекеті жүзіне күлкі үйірді. Д.Аман. ~ Мен – ол екенмін де, ол – мен секілді. Ептеп басып, қасына таядым. Күлімсірей қарайды… менің өзім. Жүзіне күлкі үйіргенімен өңі солғын, жүдеу. Жақ жүні үрпиіп, көзін жаутаң-жаутаң еткізді. Д.Қуат.
