Posted in

ЖҮЗІНЕ НҰР ЖҮГІРДІ (КІРДІ)

Бойын қуаныш кернеп, ажарланды, беті әрленді, реңі кірді. ~ Сәуле болар-болмас дірілдейді. Екі баланың да жүзіне нұр жүгіріпті. Ж.Нәж.~ Көкірегі сырылдаған қария тарамыс қолдарын ілгері созып, қобызды көргенде жүзіне нұр жүгіріп, жастықтан басын қақшаң еткізіп жұлып алды: — Сен әлі тірі екенсің ғой, абызым… Мен сені баяғыда… Қайдан табылды? Қ.Жиен. ~ Тандыр боп кеудесін күйдірген азабына “апам– ау, жағдайың қалай? Денсаулығың жақсы ма? Ауырып жүрген жоқпысың?” сияқты ұлының бұрынғыша елжіреуік тіл қатуы сәуір жаңбырындай әсер етті. Көзіне жылу, жүзіне нұр жүгірді. С.См. ~ Боздап тұрған боз далада жалғыз жортып бара жатқан “ақсақ құланды” әкелдің– ау, көз алдыма! – деп ауыр– ауыр күрсініп жіберді. Жүзіне нұр кіріп, батыр тұлғалы ер мүсінді Жәкең қомдала көтеріліп қойды орнынан. Т.Рыс.