Posted in

ЖҮЗІНІҢ НҰРЫ ТАСЫДЫ

Мерейі тасыды, қуанышқа кенелді, жанары шуақ шашты. ~ Әкем үнсіз, қызыл шырайлы, қара торы жүзінің нұры тасып күлімдей береді. Н.Сер. ~ Сонда біз шын жүйрік бәйгеге түсті деп қуанған болатынбыз. Онымыз бекер болмапты, Бақытгүлге бас жүлде бұйырмаса да, соған жетеқабыл бірінші орын алып, жүзі жарқырап, нұры тасыды. БАҚ.