Бет-жүзінде мұң пайда болды. ~ Айна да мұны асыға күтіп отырған анасы секілді, есікті ашып енгенді ерекше нұрмен сәуле шашады. Әбден шаршап, жаны тозып, жүзін кірбің шалып, күйзеліп келгенде де, кірсіз таза дидарын алдына тартады. АҚ “Дара сезім”. ~ Жаңбыр жауса да қорқатынмын, өйткені сенің көйлегіңе, талшыбықтай бойыңа батпақ шашырайды деп ойлаушы едім. Сенің жүзіңді кірбің шалса өзімді қоярға жер таппай кететінмін. АҚ “Болмаған өмір”.
