Ештеңеден ұялмайды, беті бүлк етпейді; не нәрсеге де дәті баратын, міз бақпас, арсыз д.м. ~ Кәзiр қасында болса, дарақы, қызғаншақ оның әйелiн көк ала торғайдай етуге жүзi жанбайды. Б.Алд. ~ Әй, білмеймін. Талай жүзі жанбайтындарды көрдім,— деді Василий.— Мансапқор, баққұмар, өркөкірек дегендер содан шығады ғой. Т.Ахт. ~ Көрдің бе? Қандай сұмпайы, ә? Жүзі жанбайды ғой зұлымның, — деді Мерекенің қалып қойған портфелін шкафтың үстіне қойып. М.Мақ.
