Шырайлы, нұрлы жүзді. ~ Рас, мал болар осы шауқарың… — Екеуі де түстері жарқырап, үміттене күлісті. Іштеріндегі күдіктері шешілгендей жүздері жарқын… Сенімді… М.Әу. ~ Ақ жастыққа басын қойып, көзін жұмғалы әулие құдықтың зәмзәм суы ішінде жайраңдап тұрған жүзі жарқын Кенжебегін көріп, көңіліндегі кірбіңнің бәрі сытылып кеткендей… Қ.Түм. ~ Бірер аптадан кейін тас қойманың астық өлшейтін жағынан блокнотын жоғары көтеріп, жүзі жарқын Бектай тағы да күлімсірей шықты, тағы да терілген масақтан станцияға бір шана астық жіберілетінін хабарлады. С.Мұр. ~ Жарты күнге созылған қан-сорпа шабыс, шөл, күдік, үміт азабы аң бауыздалғанда-ақ ұмытылған-ды. Қазір бәрінің жүзі жарқын, сөздері екпінді. Ж.Нәж.
