Posted in

ЖҮЗІ КҮЙДІ

Қара бет болды, ұятқа қалды. ~ Басына қан шапшып, көзі қарауытқан Бәйтен: ─ Не бетіңізбен сөйлеп тұрсыз? – деді сыбырлап, көмейіне тасқын судай тірелген дүлей ашуды әзер тежеп. – Жүзіңіз күймей, қалай қарап тұрсыз маған? Т.Әбд. ~ Тірі шалды сілкініп, «Алжыған» деп боқтады, Өлі шалдың кейпіне «данышпан» деп тоқтады. Жүзі күйді жазғанның, сасай болды шапқылап, Осы сөзін бәтірдің ар алдында соттады. Ә.Ыб.