Posted in

ЖҮЗІ НҰРЛАНДЫ (НҰРҒА ТОЛДЫ)

Жүзі бал-бұл жанды, мейірленді. ~ Демежан да қазір ақшыл, кесек жүзі нұрлана түсіп, қарт сөзіне мерейленіп отырған. Қ.Жұм. ~ Тайыр терең күрсініп келіншегіне бұрылды. Келіншек жүзі нұрланып жымыйды. С.Ел. ~ Жонастың жүзі нұрланып, күлім қағып, балбұл жанып тұр екен. Ғ.Сл. ~ Ботаның көздеріндей сүйкімді жанары мөлдіреп, аппақ жүзі алқызыл нұрға толып нан мен түзды ақынға ұсына берді. С.Дос.