Пәлендей жақын қатынаста болмаса да, азын-аулақ білістігі бар, бір-бірінің жүзін шырамытатын таныстық. ~ Назарғалиев аяғын айқастырып, орындыққа отырды. Ноғайқұл Торанғұлов онымен жүз таныс еді. Т.Әл. ~ Әйтеуір, бір жыл бұрын келіп кеткен, көріп кеткен жүз таныстығын бұлдап, әншейінде де «сенен он жасы кіші, екі сантиметр биікпін» деп зорлықпен алған ұзындығын бойға санап тұрғаны да. Қ.Ысқ. ~ … осылайша шыр айнала бересің, айналған сайын жаңа таныс тауып, әрі-беріден соң жүз танысың көбейеді… О.Бөк. ~ Баяғы Түлкібайда аз уақыт бірге болғаннан кейін, оны екінші қайтып көрмеген еді. Тек осыдан біраз жыл бұрын, көз таныс біреулерден, Алматы жағында жүрген сияқты деген болмашы сыбысын ғана естігені бар-тын. Ө.Ахм.
