Posted in

ЖҮЙКЕСІ ЖҮНДЕЙ ТҮТІЛДІ

Әбден титықтады, жүйкесі қажыды, діңкеледі. ~ Ал Едіге болса әлгі “білгіштермен” айтысып, кеңірдегін соза керілдесіп, шыр-пыр болып, жүйкесі жүндей түтілетін. Ш.Айт. ~ Марғуа жанын қоярға жер таппай, жүйкесі жүндей түтіліп, күн өткен сайын өзінен-өзі жүдеп бара жатты. Сондай титықтаған шақтарының бірінде Сібірден Мұқанның зарықтырған хабарын арқалап, қарлығаш — хаты талып жетті. Ш.Бей.