Posted in

ЖҮНІН ЖҰЛҒАН ТАУЫҚТАЙ (ТЫРНАДАЙ)

Тым арық, дене тұрқы сидиған. ~ Құрманкүл тұлымы желбіреген жіп- жіңішке нәзік қыз еді. Бәріміз енді оны «жүнін жұлған тауық» деп мазақтадық. Б.Мом. ~ Жөндеп ұйықтай да алмады. Лекцияға да барған жоқ. Ертесіне жүнін жұлған тауықтай болып үрпиіп үнжарғасы түскен ол мойыны салбырап Қарлығашқа келді. С.Дос. ~ Сұрап отырғаным — өкімет аларын алғаннан кейін өзімізді жүнін жұлған тауықтай бүрсендетіп, елден шығарып қаңғытып жібермей ме, асасы, деп отырмын, — деп Пахраддин маңдайы тершіп, қозғалақтап кетті. С.Ел. ~ . Соны пайдаланып Қосиманов қараңғы елді қуырдақша қуырады. Аз күнде ел іші жүнін жұлған тауықтай сидиып шыға келді. С.Жүн.

~ Жануар мұны көріп, тұншыға оқыранды, тұла бойын тер жауып кеткен, жүнін жұлған тырнадай ұсқынсыз. А.Смай. ~ Ожар аңқау елдің бетіне қарауға жүзі шыдамай, аяғын шалыс басып өте берді… Таланған, шабылған көш, жүнін жұлған тырнадай боп бар сәнінен айы-рылды. Енді кейін қайтарылмақ болды. І.Ес.