Беті қайтып қалды; көңілі пәс болды, еңсесі түсті. * Әттең кедейлік-ай! Малы болса, күнәсін көтермек түгілі қара кемпірдің маңынан жүрер ме еді? Осыларды ойлап, оның жүні жығылып келе жатыр еді. Ж.Айм. ~ Лауазымы барларда үрей қалмаған. Жел қай жағымнан есер екен дегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ қараушылар көп. Кеше ғана сапырып ішіп, шайнамай асап, шалқақ басып жургендердің жүні жығылған. Б.Тоғ. * Қалғанын ертеңгі кеңесте сөйлесерміз, –деген таңғыт, моңғол тобы Елісханның алдынан жүні жығылып шықты. Ж.Шәк. ~ Анадан туған қалпында. Жалаңтөс баһадүр дерсің! Киініп, былай шыққан соң жүні жығылады, жүйкесі жуасиды. И.Сап. * Бригадир әлгіндегідей емес жүні жығылып, бүгежектеп қалыпты. С.См. ~ Қожайынның жүні жығылғанын сезген тарғыл қоразыңыз қоқиланған. Төрт тұсында төрт мекиені. Төрт құбыласы түгел. М.Байғ.
