Ауыр тиді, жүрегін жаралады. * Алғашында осы ниетін айтып, төз аттанып кетуді ойлағанмен, Қоңырдың ашық-жарқын көңілін қимай біраз бөлінген. Тосыннан тараған өсек, таңылған жала жүрегіне біздей қадалды да, орнынан түртпектеп тұрғызды. Қ.Тол. ~ Ыза мен кек, қорлық бәрі жүрегіне біздей қадалып, жанын қоярға жер тапқызбады. І.Ес. ~ Бірақ жүрегіне біздей қадалған бір шаншу ой Жұлдызға: «Ол сенің анаң! Сенің анаң! Ал сенің анаң бола қалса не істейсің?» – деп, мазасын әкетіп барады. І.Ес.
