Posted in

ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПТЫ

А). Көңілін таба білді. ~ Бірақ Жәнібек Төре би төбе би болмаған күнде де, хан жүрегіне жол тауып, Алтын Орданың төрт
шарының біріне айнала алатынын білген жоқ. І.Ес. ~ Оның бойынан Ержан қызғанатын бір-ақ нәрсе: ол кісінің жүрегіне төте жол тауып, бірден ашық сөйлесіп кете алатын. Т.Ахт.
Ә Көңілінен шықты. ~ Баспадағы қайсы біреулердің жүрегіне жол тапқан сол кітаптары ойдағы-қырдағы дүкендердің
сөрелерінде жылды-жылға жалғап сіресіп тұрып-тұрып, ақыры әйгілі «Списать» өлкесіне жер ауады. Ғ.Қаб. ~ Ы.Алтынсариннің қаламынан туған аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. БАҚ.