~ Баяғыда Алматыдан алғаш майданға аттанған шақ есіне түседі. Сондағы осы шалдың бүкіл вагон ішіндегі жұрттың
жүрегіне қаяу салып, шерлене күрсінуі бар. Ә.Нұрш. ~ – Секілді бақыт қонған адамдайсың, Айттың ба арманымды? – деді
баяу. Шақшиып шал қарады келген жаяу, Салмақ боп жүрегіне тағы қаяу. БС. “Кезбе шал”. ~ Егер немістерді алдау үшін
жасаған жалған ғашықтығың шын ғашықтыққа айналып, Сәуленің жүрегіне қаяу салатын болсаңдар, алла атымен ант
етейін, екеуіңді де өзім жайратамын. Ә.Әб. ~ Ол да бір жүрекке қаяу салған мезгіл еді ғой. Өтіп кеткеніне қуанасың. Бәрінен
де өтіп кеткені қуаныш қой… Қ.Ысқ.
