Posted in

ЖҮРЕГІНЕ ШАНШУДАЙ (ШАНШУ БОП) ҚАДАЛДЫ

Түрпідей тиді, көңіліне келді, жанын жаралады. ~ Мұндай сөздер Күлжәмиланың жүрегіне шаншудай қадалды. Қимас заты қирағандай өкінішті сезім осып өтті өзегін. К.Қаз. ~ Күннің сәулесіне жалт- жұлт шағылысып, қоңыраулатып барады, сыңғыр- сыңғыр дыбыс Агбаның жүрегіне шаншудай қадалып, жанын жегідей жеп барады. А.См. ~ Анасының «ауырып жүрсің бе» деген сөзі жүрегіне шаншу болып қадалды. Ләм деместен іштен қораптарды шығарды. Д.Досж. ~ Оның әрбір сөзі мұның жүрегіне шаншудай қадалды. Ш.Айт.