Posted in

ЖҮРЕГІНІҢ (ЖҮРЕГІНДЕ) ТҮГІ БАР

Ештеңеден қаймықпайтын, тайсалмайтын, көзсіз батыр. ~ — Жау, жау! Ойбай, Қатима, жау келді! Ашығын айту керек, атасы жүрегінің түгі бар кісі. Жаңбыр-шашынды түні аю арбаңдап қотанға шапса, мылтықты тарс та тұрс атып, қозыкөш жерге қуып тастайды. М.Қаб. ~ Ешқайда мойын бұрмастан жатағына суыт келді. Жүрегінің түгі болса да, оқытушы, студенттер түгелдей қаймығып қалыпты. Т.Рыс. ~ … Шотан баһадүр бастаған өңшең «жүректерінің түгі бар» адай жасақтарының баяғы атакүлдік Маңғыстаудың ойына құлағанына онша көп уақыт өтпеген кез. Ғ.Әріп. ~ Жүрегінде түгі бар жігіттер деп жүрсем сендерді… Жасып, майырылып қалыпсыңдар ғой? Ғ.Мүс. ~ Жүзді, мыңды айдап келсең де алатын ақың бір жылқы. Елден еститін алғысың — «атақты ұры», «жүрегінің түгі бар» дейтін қолпаш. С.Жүн.