Біреудің жүрегіне салмақ салды, сай-сүйегін сырқыратты. ~ Шерлі жүректен шыққан ащы запырандай. Бүкіл халықтың
қайғысы осы бір өкси айтылатын өлеңге сыйып кеткендей, адамның жүрегін тырнап әкетіп барады. І.Ес. ~ Бел-Аранның кезеңінен асып, ұзақ жолдың алды ашылғасын бұ да қашаннан бері жанын жеп, жүрегін тырнап жүрген мазасыз ойдан арылғандай болды. Ә.Нұрп. ~ …көзінен жасы домалап, екі мықынын таяна зарлаған ана үні жаралы жігіттің құлағына алыстан еміс-еміс талықсып жетіп, жарадар жүрегін тырнап, сай сүйегін сырқыратқандай болады. С.Жүн. * Осы бір жүректі тырнаған мазасыз ауыр ойдан құтылайын деді ме, Өмірбек сипалап жүріп, май шамды жақты. С.Шайм.
