Posted in

ЖҮРЕГІН СУЫРЫП АЛДЫ (АЛҒАНДАЙ)

А) Жүрегін жаулап алды, ғашық етті. ~ Нұрәлиден бұған керегі — көңіл еді, көңілімен қосып жүрегін суырып алғанына мәз, енді ол алпамсадай жігіттің аш күшіктей өзіне сұрана да жағына қарағанын көрді… Ә.Тар. ~ Оң қолыңмен ұсынып арманымды, Құттықтадың жырдағы талғамымды. Білдің бе, сол жағымнан бір жолата, Жүрегімді суырып алғаныңды. А.Төл.
Ә) Жанын жаралады, асылынан айырды. ~ Жарбол туған даласынан еңіреп, езіліп қайтты. Әлде кім қолқа жүрегін суырып алғандай, құр сүлдерін ғана сүйретіп әзер кетіп барады. Ж.Шәк. ~ Біреу суық қолымен қанын сорғалатып жүрегін суырып алып кеткендей Ержанның ішкі сарайы құлазып қалды. Т.Ахт.