Posted in

ЖҮРЕГІН ШАЙЛЫҚТЫРДЫ

Құдыретін көрсетіп, қорқытып-үркітті. ~ Әубәкір. Ақшаға сенеді. Сенген ақшасы қызылдар жеңіп кетсе салынды басқан апан суына айналады. Сондықтан ол күрсінеді. Патша құлағалы келіп кеткен баянсыз көп үкімет байдың жүрегін әбдән шайлықтырған. Ғ.Мұст. ~ Балағаздарға барды салып, кәр төккен себептері сондайдан туған. Ел жүрегін шайлықтырам, түңілтем дейді. М.Әу. ~ Сұрақшы Керімбек келген жерде енді соның жүрегін шайлықтыру үшін, Әменге жазықсыздан – ақ дүре бұйырмақшы. Ж.Ахм. ~ Бұл сөздерінен осынау күреске толы өмірдің жүрегін шайлықтыра бастағаны шаң беріп қалды ма, қалай? К.Қаз.