Қатты қорықты, жүрегі ұшты. ~ Абай шай іше алмады. Енді тыныштық ала алмай, жүрегі алқымына тығылып, маңдайынан суық тер шығып, бір тұрып, бір отырды. М.Әу. ~ Су Құсайынның тырп етерге мұршасы жоқ, зәре-құты қалмай жүрегі алқымына тығылды. Көрер көз ғана сау сияқты, басқа мүшесінде жан жоқ. С.Жүн. ~ Өзгеден бөлек, сондай шынайы көңіл екпінімен азамат арысының орнын жоқтап жүргендіктен Нүсіпбектің жүрегі алқымына тығыла, ат үстінде қопақтап, күн бұрын еңкілдеп жылап жіберген. Ж.Ахм. ~ Сіз араласпаңыз, бикеш, – деп кергіді дудар бас шатынап. Тасқа шегінетін жер жоқ, намыс пен сақтықтың қыспағында қалған. – Олай болса, далаға шығалық,– деді жүрегі алқымына кептеліп. О.Бөк.
