Жүрегі атқақтап қоя берді. ~ Жан-жүйе сезеді ғой жаманатты, Жүрегі Ләззәт қыздың дүрсіл қақты. Белдеуге атын байлап, тасырлатып Әлдекім қақырынып түсіп жатты. Қ.Аман. ~ Жүрек те дамылы жоқ дүрсіл қақты, Далаңыз нәзік ару бір сымбатты. Тұяқтың дүбіріне тасырлаған, Жартас тұрғай, жаңғырып шың тіл қатты. М.Айтқ. ~ Құнына құлдық ұрмай бес теңгенің, Сұр жебе – Сұңқар бейне сестенгенім. Бүтіндеп нар қазақты, намыс жанып, Жүрегім дүрсіл қақты кектен менің. Ә.Әр.
