Posted in

ЖҮРЕГІ ЖІБІМЕДІ

Рақымшылық танытпады. ~ Осыны айтып, Айша едәуір арпалысып көріп еді, бастықтардың жүрегі жібімеді. Көшесің, көшпесең, күшпен лақтырып тастаймыз деді. Ш.Мұр. ~ Бірақ жетім баланы қанша асырасаң да, өз әке-шешесін жоқтайды. Самарқант Ордасында қаншама жақсы атты боп жүрсе де, атасын құл етіп әкелген Ақсақ Темір немерелеріне Оспан-Қожаның жүрегі жібімеді. Мауреннахрға еліне қас жер, жау жер деп қарады. І.Ес.