Posted in

ЖҮРЕГІ КЕУДЕСІНЕ СЫЙМАДЫ

Ерекше сезім бүкіл бойын билеп алды; жүрегі алқынып, аттай тулады. ~ Ғалияның көзіне менің аты-жөнім оттай басылуы сөзсіз. Жүрегі кеудесіне сыймай, тулап қоя берер: сол… сол… Б.Соқп. ~ Жалғыз-ақ сол сәттің ішінде Базаралыға бар дүние төңкеріліп түскендей көрінді. Нұрғаным да кеудесіне сыймастай қуаныш әкетті. М.Әу. ~ Тек Едіге оның осы тұрысын көргенде, Зәрипаны шексіз сүйетінін сезіп, жүрегі кеудесіне сыймай сыздап, оны аймалап, бәле- жаладан, қорлықтан қорғағысы келіп, жаны қатты күйзелді. Ш.Айт. ~ Кәрі жүрегі қуанғаннан кеудесіне сыймай қатты-қатты соғып кетті. Ә.Нұрп. ~ Жер сілкініп жатыр ма деп байқап көрмекші болып еді, олай болмай шықты. Жүрегі кеудесіне сыймай, атқалақтап тұр. Е.Бақаш. ~ Жамалбек сыртқы табалдырықтан аттай бере маңайдағыларға байқатпай, елеусіз миығынан жымиды. Жүрегі дүрс-дүрс соғып, кеудесіне сыймай барады. Ж.Шағ.