Әлдебір тосын сезім жүрегін дір еткізді. ~ Өтеу өліп қалды дегенге әуелде жүрегі лүп ете қалған. Қ.Ысқ. ~ Міне, соңғы сабақ та аяқталды. Жанарды иықтап, сыртқа қатарласып-ақ шықтым. Жүрегім лүп-лүп етіп, артыма қарасам, Жантас қу ілесіп келеді екен. Б.Соқ. ~ Қораның арт жағынан жерге түсіп, үстімнің шөбін қағып, бойымды тәртіпке келтіріп алдым. Жүрегім лүп-лүп етіп, алқымыма тығылады. Б.Соқ. ~ Ағай, бір өтінішім бар, айтайын ба? — Айтыңыз, – дедім, «ол не етініш болды екен» деп жүрегім лүп ете қалып. Ә.Нұрш. ~ Бүкіл тұлғасынан, өңінен, қимылынан отты күш лебі еседі. Қыз жүрегі лүп ете қалды. «Аңсағаным осы екен ғой» деген ой жалт етті. Т.Ахт. ~ Бәлиғатқа толмаса да үрген торсықтай аспан көз әдемі қызды көргенде жүрегі құрғыр лүп ете қалушы еді. Қ.Ысқ.
