Posted in

ЖҮРЕГІ ОЙНАЙ ЖӨНЕЛДІ (ОЙНАДЫ)

Қаны көтерілді, қобалжып кетті. ~ Сопақ басы су жыланның басындай қақшаңдай, сұп – сұр боп үйге Пейілжан кіріп келді. — Нұрәлінің бойы дірілдеп кетті, жүрегі ойнай жөнелді. «Япырм – ай, Өрікпен менің сөйлесуімді күтпей, болған істі өзі естірткелі келгені ме? Қандай тас жүректік!» І.Ес. ~ Аздан кейін он шақты күзетші қоршаған екі батыр үйге кірді. Аяқ, қолдары кісендеулі. Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт Қияқ пен Тұяқ еді. Жақында ғана хан екеуін
мың басы еткен. І.Ес. ~ «Тіпу-тіпу!» – деп үшкіргенде, қожаның «қасиетті» лебі шетке бытырамай, тура түгел ішіме барсын деп, жүрегі ойнап, жүзі бір қызарып, бір ағарып, бетін қожаның аузына тақап, тосып отырушы еді Шолпан. М.Жұм.