Көңілі тыншыды; жаны жай тапты; жүрегі орнықты. ~ Жиырма шақты шәкірт орталарынан ат жалдап, алты арбамен Семейге елдетіп, төтесімен тартты. Түскен жеріне отрядтай-ақ қорқынышты. Лаудан ығыр болған ел арбалылардың қарасы көрінгеннен-ақ жылқысын іннен-інге тығады. Лау мінбейтін шәкірттер екенін білген соң ғана жүрегі орнына түседі. Ж.Айм. ~ Я құдай, берерсің… Бәсе, мен де адамның баласы едім қой… – деп жүрегі орнына түскендей боп, аз тыныс алып, алты атарды көкірегіне басып отырып қалды. М.Әу. ~ “Бұқа” үй иесінің әңгімесін тарс ұмытып қызға қадалды. Түсі жылыды. Кеудесіне жан кірді. “Бұқа” көп ұзамай ыржалақтап күле бастады. Қозбағардың жүрегі орнына түсті. С.Елу. ~ Адвокаттың жүрегі орнына түсті. Өзіне келіп отырған кісілеріне де ырза болып қалды. І.Жанс.
