А) Әлденеге мазасызданды, жүрегі сыздады. ~ Сен болсаң сол үміттің биігінен табылудың орнына, көп наданның бірі болдың да, саздап аяқтың астында жаттың. Бағдан жүрегі сазып тағы ауыра бастады. С.Шай. ~ Тамұқ түн еді. Жаны ауырып, жүрегі жерге тартып, сазып қоя берді. Ауызынан аққан қан да тоқтар емес. Мойыны ерек ауырлаған басын
көтере алар емес мүлде. С.Сағ. ~ Қайдан шықты, қай жаққа бет түзеді, бәрі– бәрі жұмбақ. Енді қайтып көре ала ма,
жоқ па. Жігіттің жүрегі сазып, белгісіздеу бір өкінішті сезім биледі. О.Бөк.
Ә). Қарны ашқанын сезінді, тәбеті ашылды. ~ Қара нан аузына бірде тиіп, бірде тимей жүрегі сазғанда, бұрқыраған жылы саумалдың дәмі таңдайына үйіріліп, түкірігін жұтатын. Т.Сәу. ~ Қараңғыда күйбеңдеген Дәуреннің тұлғасын таныды. Ыстық борщтың тәтті исі мұрнына келіп, жүрегі сазып қоя берді. Т.Ахт.
