Posted in

ЖҮРЕГІ СЕЛТ ЕТТІ

Шошынды, тіксінді, елең етті. ~ Гүр- гүр етіп құйрығымен жерді сабалап, оқ жыландай атылып, жолбарыстай жұлып түскелі әзір жатыр. Жалау көз тоқтатып қарап еді, жүрегі селт етті, бойы мұздап сала берді. Ә.Әб.~ Әлгі түсіңді айтатының қайда? – деген Мерген қабағын шытып. Өзі өлгелі жатып, бұған да өлім тілегендей болып сөйлеген әйелінен жүрегі селт еткен. «Жанашырым, жақыным» деп жүрген жаннан дәл мұны күтпеген. Өзі де жалпақ әлемде жал­ғыз қалғандай, бір түрлі жүдеп, жабырқап қалды. К.Сег. ~ Сондықтан ішінен Дәрменнің тілеуін тілеп, Дәрменді өз балуаны санап отырды. Дәрмен күреске шыққанда, дымын қыспаған, жүрегі селт етпеген, бойы шымырламаған жан болған жоқ шығар. Ж.Айм.