Бойын үрей жайлады. ~ Асығыпты, ешнеге бұрылмапты, Әлденеден жүрегі суылдапты. Құлағына әлдекім сыбырлапты, Әлдебіреу мен болып шырылдапты. М.Мақ. ~ Сондай бір қопарылыс оны зау биікке лақтырып жіберіп еді, жүрегі суылдап, үрейлі бір түпсіз үңгірге қарай тым ұзақ құлады. Ш.Айт. ~ Жанайдың жүрегі суылдап кетті. Өзін-өзі ақтап, тексеру шақыртуға ешқандай қатысы болмағанын айтып ант-су ішкісі келді де, іркіліп қалды. С.Мұр. ~ Бір кезде, Калашниковтің тік қабағы астындағы тұздай көзі бұған қадалды. Шегенің жүрегі суылдап қоя берді, Өн-бойына сұп-суык, үрей жүгірді. С.Ел.
