Көңіліне үрей ұялап, оқыс жүрексінді. ~ Төсекте жатқан Сүлейдің жүрегі су ете түсті. Ж.Айм. ~ Таңертең Ақпайдың үстінен асқан көп жылқыны көріп жүрегі су етті. З.Шүк. ~ Уәлидің жүрегі су етіп, тізесі қалтырап бара жатты. Т.Ахт. ~ Атынан май ішкендей боп, жүрегі суылдап зорға түсті. Ә.Кек. ~ Қарадай жүрегі суылдап құты қашып отыр. Т.Сәук. ~ Енді не істедім деп жүргенде салып ұрып Қожанияз келді. Оның төбесі қылтиғаннан жұрттың жүрегі суылдайтын. Н.Дәут. ~ Балпан бай әлденеге жүрегі суылдап, көз алдына қан шауып, жан-дәрмен көк жорғаның жалына еңкейді. Ә.Кек. ~ Бойы жетпейтін өреге қол созғанын сезіп, үріккен сауысқандай қыпылық қақты. Екі ортада мерт боп қалмасам игі еді деп, жүрегі суылдады. Қ.Тол.
~ Жігіттің жүрегі сулап қоя берді. О.Сәрс.
