Posted in

ЖҮРЕГІ ТАЙДАЙ ТУЛАДЫ

Жүрегі алып-ұшып, қатты қобалжыды. ~ Әлсіз шыққан талмау дыбыс үзіліп кетті. Жүрегім тайдай тулап қоя берді. Әлде: «Асан!»—деп айқайлап шақырып жатқан от басындағы біреу ме? М.Қаб. ~ Әне, жазған-ау, әне, теңізді жиектей бота жетелеген көгілдір көйлекті қыз өтіп барады. Тастың жүрегі тайдай тулап, кеудесін тепкілей бастады. Өңі ме, түсі ме? Бұл неғылған қыз? О.Бөк. ~ Машинаға мойнын бұрып, үрдегейлене қарап тұр. «Қоя беріпті шынымен! — Елтайдың жүрегі тайдай тулады. М.Қаб.