Posted in

ЖҮРЕГІ ТАС-ТӨБЕСІНЕ ШЫҚТЫ

Үрейі ұшты, қатты қорықты, зәресі қалмады. ~ Қыстың бас кезінде ептеп күнделік тамақ тауып ашыға қоймағандықтан «байыңды тастап, байға ти…» дегенде, Күлпаштың жүрегі тас төбесіне шығып кетті. Б.Май. ~ Өңі ме, түсі ме? Шын естіп тұр ма? Аяулы сырласы, жанкүйер досы еді ғой ол. Жүрегі тас төбесіне шыққандай, меңірейіп, есеңгіреп қалған. Т.Рыс. ~ Үлкен ұлдың бет-жүзі қызылала қан. Қанды көріп кәрияның жүрегі тас төбесіне шығып талып жығылады. Д.Дос. ~ Шура, сен Николайды ренжітіп қойыпсың ғой! – десін. Шураның жүрегі тас төбесіне шықты. Жәділ бұның ұрлығының үстінен түскендей, алаулап өртеніп кетті. Ә.Тар.