Posted in

ЖҮРЕГІ ТЕРІС

Ниеті қара, пейілі теріс. ~ Мына жұртыңның саған дін аттап, ата-бабаның ғұрпын аттап, Мұхамбетке үмбет емес, Шәдиярға дос емес теріс оқулы жаттың шылауына ілігіп, тірінің мерейін, өлінің үрейін қорлап, аруаққа тіл тигізіп, жүрегі теріс, жүзі бөтен, жады кәуірге біреудің ақ жұмыртқа, сары уыз перзентінің абыройын тонатты, басындағы бақ пен абыройдан, кеудесіндегі жаннан, алдындағы мал-дәулеттен айырылуға лайық ел құлағы естімеген қылмыс жасады деген айып тағып тұр. Оған не дей аласың? Ә.Кек.