Posted in

ЖҮРЕГІ ТУЛАДЫ

Жаны толқыды; көңілі алабұртты, күйіп-жанды. ~ Ессіз жүрек тулады, бермеді ырық, Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып. Ессіз жүрек, бөгелші бір азырақ, Отыз тұр ғой үңіліп, арты-қырық. М.Жұм. ~ Жұмысы түскірі жүрмей, бір түсірген бояуы өзіне ұнамаған соң сыпырып тастап, қайта-қайта жазып күйзеліңкіреп отырған-ды. Кенет телефон шылдырлады. Әйел даусы. Бағданның жүрегі тулап кетті. С.Шай. ~ Қап ит-ай! — деп күңк етті де шамды өшіре салды. Жүрегі тулап, тынысы жиілеп кетті. Шыға жөнелмек еді, тұрып қалды. Ә.Тар.