Жаны шықты, зәре-құты қалмады. ~ Бұрын ойына да келмеген масқарасынан жүрегі тас төбесіне шықты. Л.Толс. ~ … кенет Дон Кихоттың қолына кезігіп қалды да, анау жүрегі тас төбесіне шыққан күтушіні білегінен шап беріп ұстай алып, өзіне қарай икемдеп, кереуетке әкеп отырғызды. М.Серв. ~ Дон Кихоттың қылғына айқайлағаны сонша, жүрегі тас төбесіне шыққан бекетші қақпаны асығыс-үсігіс аша салып, айқай шыққан жаққа қарай жан ұшыра жүгірді, оның соңынан жаңадан келгендер ерді. М.Серв. ~ Өлдім-талдым дегенде табалдырыққа жетіп, зорығып жатқан күйі сыртқа бас шығарса… зәре-иманы қалмай жүрегі тас төбесіне шығады! М.Қаб. ~ Барак, жақтан біреу бері қарай шыға берсе, Айбаланың өлгенін естірте келе жатқан адам ба деп жүрегі тас төбесіне шығады. С.Мұқ.
