Posted in

ЖҮРЕГІ ҚАЙТТЫ

Сескенді, жүрегі дауаламады. ~ Біраздан бері қолына күрек ұстамағандықтан ба, жүрегі қайтып қалыпты. Темір қазыққа телміріп ұзақ тұрды. Ә.Кек. ~ Ал сол межеге бүгін–ертең жетпек өзі туралы ойлау – тіпті, қорқынышты болса керек. Мен – баяғыша айтар болсақ, жайшылықта жаудан жүрегі қайтпаған батыр досымның дүниедегі сол жалғыз қорқынышының заттанған тұрпаты, тірі елесі болуым керек, сірә… Т.Шап.