Posted in

ЖҮРЕККЕ (ЖАНЫНА) ТҮРПІДЕЙ ТИДІ (ҚАДАЛДЫ)

Жанын түршіктірді. ~ Еңсесін езген, жүрекке түрпідей тиетін осы ауыр ой қажытып, ат қораға ұзақ жүріп жетті. А.См. ~ Даусында еркелік пе, өзімсіну ме, әйтеуір, тітіркеніп тұрған жігіт Жанына түрпідей тиер жасандылық бар. С.См. ~ Люба жерге қарады, бұл жас та болса сол топтың парторгі еді, құрбыларына тегін қараған жоқ еді, мына ерке сұлудың: “Мен — Қазақстанға?” дегенде, үнінде аңғарылған сұрқия сезім жүрегіне түрпідей қадалған, құрбыларына қарағаны: “Енді қайттік?” деген сұрау да, сынауы да болатын. Ә.Тар.