Бойын алапат сезім биледі. ~ Қуаныш көкке шарықтады. Жігер тасқындап, жүрек жалындап, сағынысқан төстер бір – біріне еміреніп, ыстық қолдар бірін-бірі қысып жатыр. І.Жан. ~ Денесі бір ысып, бір суыған ақын жүрегі атқақтай соғып, балбыраған бал еріннен ұзақ сүйді. От боп жанып, өрт боп шарпыған жап-жас қыз дүрс-дүрс соққан жүрек жалынын шашып, ақынның құшағына құлап түсті. С.Дос.
