Сабасына түсті, сабыр тапты. ~ Олай-бұлай жүгірісті. Қорқақтары қалтырап қобалақтап қалды. Жүрек тоқтатқандары жалма-жан қаруын қолына алып, өзгені жинап, қарсы атысқа шықты. І.Жан. ~ Ұлжанның нұрлы бiткен ақшыл-қызғылт жүзi iшiн тоңазытқан сезiмнен көкшiл тартып, қатты өзгердi. Бiрақ көпке шейiн үндемей отырып, жүрек тоқтатты… М.Әу. ~ Бүкшиiп алға ұмсынған күйi қатып қалды, аяқ-қолы икемге келер емес. Әзер дегенде ес жиып, жүрек тоқтатты. Т.Сәу. ~ Ауыр азаппен тағы азғана жүрген соң, қалың тоғай ішіндегі тұнба бұлаққа жуынып алдым, ентігімді басып, жүрегімді тоқтаттым … М.Мағ.
